МТРА жаңалықтары

Бескөлде артық жүк артып алған 2 үлкен көлік тоқтатылды

Шамасына қарамастан зіл батпан жүк артқан. Бескөл маңында нормасынан асырып тұрып инертті материал тиеп алған 2 жүк көлігі тоқтатылды.

Біреуінің жүк арту шамасы 40 тонна болса, өлшей келе үстіндегі заттың салмағы 51 тоннадан асып кеткен. Айырмашылық жер мен көктей, жаза – айыппұл. Бұны көрген екінші жүргізуші өзінің заңды бұзып тұрғанын айқын сезінсе керек, ақырын барып артындағы қиыршық тастың жартысын түсіре салған. Осылайша айыппұлдан бас сауғалап қалам деп ойласа керек. Жүргізушілердің ешқайсысында тиісті құжаттары болмай шықты. Енді екеуі де әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлейтін болады.

Ерболат Ахметов – СҚО көліктік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

– Бірінші жағдай бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 3-бабына сәйкес 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалады. Бұл 1 млн 400 мың теңге шамасында. Ал екінші жүк көлігіне қатысты 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұның бәрі 7 күннің ішінде төленуі тиіс.

 

Култанов Байболат