Құқық қорғау органдары

Үш бірдей дүкенді тонаған ұрылар ұсталды

Ұрылар қылмыстың егжей-тегжейін ойластырып бастарын қатырмаған көрінеді. Себебі, бірнеше сауда орнын ұқсас сценарий бойынша тонапты. Маска киіп алған екі азаматтың нысанасына кішігірім дүкендер іліккен. Олар кіріп, сауда жасағылары келгендей сыңай танытқан көрінеді. Біреуі қажет тауарларды таңдайды да ақшасын төлемей қаша жөнеледі. Ал екінші қарақшы актерлік шеберлігін көрсеткісі келіп, сатушыға болысқандай ұрыны ұстауға көмектеседі. Бірақ, түсінгендеріңіздей бұдан түк шықпайды.

Елизавета Бизинская – дүкен сатушысы:

– Мен бірден күзет пен полиция қызметкерлеріне хабар бердім. Әйтеуір, шығын көлемі көп емес, 1800 теңгенің көлемінде. Бірақ, қатты шошып қалдым. Оның үстіне бұл ақшаны менің жалақымнан ұстап қалды.

Қос ұры полицейлердің қолына түспейміз деп сенімді болған көрінеді. Бірақ, олардың қарақшылығы бейнекамераға жазылыпты. Дүкендерді тонаған азаматтарды медициналық маска вирустан қорғаса да жазадан қорғамады. Тәртіп сақшылары видеоны жіті зерттеп, біреуінің / бұрын дәл осындай факті үшін сотты болған 30 жастағы Жұмысшы кентінің тұрғыны екенін анықтады. Екі қылмыскерді полицейлер вокзал маңындағы пәтерлердің бірінен тауыпты.

– С знакомым зашел я в магазин заказал две бутылке «Лозы», пару чеснока, хлеб и еще там чего-то. Потом выбежал и побежал в сторону двора. Потом пошли на квартиру и там начали распивать.

– Как вы выбирали магазины? Почему именно этот магазин?

– По пути попался.

– А куда и откуда шли?

– С улицы Батыр Баяна.

– А магазин, где находится? Как называется?

– Как называется – незнаю. Находится в районе «Океана».

– А с кем ты был?

– Я был с соседом.

– Какая была твоя роль в этом магазине?

– Ну, я закупался.

– Изначально вы зашли туда, чтобы вот так сделать, не расплатиться?

– Ну, можно сказать так.

Руслан Сыздықов – Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы:


– Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде бұрын сотты болған 90-шы және 75-ші жылғы Петропавл тұрғындары ұсталды. Фактіге қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұрылар қолдарымен жасағанын мойындарымен көтеруге дайын. Қылмыскерлер үш бірдей дүкенді тонағандарын растапты. Атап өту қажет, сауда павильондарының барлығында бейнекамера орнатылған екен.

 

 

Эльмира Садвокасова