Білім

Республикалық бейнесабақтар байқауының жеңімпаздары анықталды

Наурыз айынан бері ел көлемінде бейнесабақ әзірлеуден байқау өткен болатын. Яғни, ұстаздар өз жұмыстарын камераға түсіріп, республикалық деңгейдегі қазылар алқасына жолдады. Солтүстік Қазақстан облысынан оған 100-ге жуық педагог қатысты. Сайыста жүлделі орыннан көрінгендердің есімдері / бүгін белгілі болды.

Гүлмира Алина – Ақжар ауданына қарасты Алқатерек орта мектебінің мұғалімі. Ол тарих пәнінен сабақ береді. Биыл нәзікжанды бейнесабақ өткізуден республикалық конкурсқа қатысқан. Байқауға дүниежүзі тарихы бойынша 11-ші сынып оқушыларына арналған материал әзірлепті. Ұстаздың бағы жанды. Оның жұмысы әріптестерінің арасында үздік деп танылып, жүлделі орынға ие болды.

Гүлмира Алина – Алқатерек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ақжар ауданы:

– Төртінші тоқсанға арналған бейнесабақтарды түсіруге қатысып, авторлық сертификаттарға ие болдым.

“Өрлеу” орталығының жергілікті филиалына өңір бойынша 132 жұмыс келіп түскен. Ішкі сараптаудан өткен 99-ы ары қарай республикалық байқауға жолданған. Нәтижесінде 32 еңбек үздік деп танылыпты.

Лейла Алмағамбетова – “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” директорының орынбасары:

– Байқау 2 кезеңмен өтті. Алдымен ұстаздар өңірде сынға түсіп, жұмыстары сараланды. Сабақтар қаралып болған соң жақсы дегендері республикалық кезеңге жіберілді.

Жұмыстары үздік деп танылған мұғалімдердің бейнесабақтары жаңа оқу жылында ел көлемінде таныстырылып, мектепте оқыту барысында қолданылуы мүмкін.

 

Алтынай Қазиқан