Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтуде

Полиция қызметкерлері қолға алған шара / мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өтіп жатыр. Мұнда тәртіп сақшылары тұрғындарды / алдын ала жазылусыз қабылдайды. Кездесу барысында шағым, ұсыныс-тілектер тыңдалады, сұрақтарға жауап беріледі. Алғашқы күннің өзінде тәртіп сақшыларына 100-ге жуық сауал келіп түсті. Олардың басым бөлігі шетелдік көліктерді қайта тіркеуге қатысты. “Жолда қабылдау” акциясы аясында өтіп жатқан шара полиция департаментінің / «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында тікелей эфир арқылы да көрсетілді. Көзбе-көз жолыққандарға да, онлайн режимде сауал жолдағандардың да сұрақтарына тұшымды жауап берілді.

Алтынбек Жамалиев – СҚО ПД процессингтік орталығының аға инспекторы:

-Акция барысында көптеген сауалдар жолданды. Тұрғындарды негізінен шетелдік көліктерді рәсімдеу, сату мәселесі көп қызықтырады.

 

 

 

Бердимурат Баймухан