Құқық қорғау органдарыҚоғам

Есіл өзенінің жағасында 3 адам итті жеген

Итті ұрып, сойып, етін қуырып жеген. Жан түршіктірерлік жағдай Қызылжар ауданындағы Большая Малышка селосының маңында орын алды. Ауыл тұрғыны танысына 6 мың теңге берешек болған екен. Қарызын ол ақшаның орнына “үйін күзетеді ғой” деп өзінің итін беріпті. Бірақ, сол танысы төрт аяқтыны дос ретінде емес, тамақ ретінде қажет еткен көрінеді.

Ол Есіл өзенінің жағасында екі жолдасымен бірге жануарды сабап, бауыздаған. Кейін етін отқа қуырып жеген. Соққылар мен иттің қыңсылаған дауысын жақын маңда балық аулап жүрген екі жасөспірім естіпті. Бозбалалардың біреуі үйге қайтар жолда ағашқа ілінген тазының қаңқасын байқап, бірден полицейлерге хабар береді. Тәртіп сақшылары көп ұзамай хайуандық жасаған ер адамдарды ұстады. Бірақ, олар өз кінәләрін мойындар емес. Біреуі иттің етін жемегенін алға тартып, өзінің сүттен ақ, судан таза екенін айтуда. Қазір бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына сәйкес “Жануарларға қатыгездік жасау” бойынша іс қозғалды.