Құқық қорғау органдары

СҚО-да жол-көлік апатынан 3 жасар бала қаза тапты

Есіл ауданында жол-көлік апатынан 3 жасар бала қаза тапты. Қайғылы оқиға “Жезқазған-Петропавл” тасжолында Қаратал ауылының тұсында болған. Көлікті марқұм кішкентай қыздың 21 жастағы әкесі басқарған. Машинаның ішінде, сондай-ақ, анасы да отырыпты.

Отбасы Петропавлда тұрады екен. Белгілісі, қыздың әкесі рөлге ие бола алмай қалған көрінеді. Содан жолға шығып кетіп, аударылған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Алтынай Қазиқан