Құқық қорғау органдары

Құны 4 млн теңге болатын 1200 литр гербицидті қолды қылған

Құны 4 млн теңге болатын 1200 литр гербицидті қолды қылған. Оқиға Жамбыл ауданындағы серіктестіктердің бірінде орын алған. Химиялық дүниені ұрлаған да дәл осы агроқұрылымның жұмысшылары екен. 19 және 23 жастағы мамандар жақын маңдағы ауылдың 22-дегі тұрғынымен келісіп жасапты.

Анықталғандай, 3-уі гербицид өнімдерін көктемнен бері бірнеше мәрте ұрлаған. Қылмыстың беті “Урожай” жедел-алдын алу шарасының аясында ашылып отыр. Күдіктілерге қатысты іс қозғалды. Ұрланған химиялық заттың бір бөлігі тәркіленді. Тәртіп сақшылары осыған ұқсас тағы 4 фактіні тіркеген. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 4,5 млн теңгені құрап отыр.

 

 

 

Эльмира Садвокасова