Мәдениет

Абай Тасболатов тарту еткен кітаптар таныстырылды

Абай Тасболатовтың қоры. Облыстық кітапхананың кезекті онлайн жиыны дәл осы тақырыпқа арналған. Кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирге қосылған жандарға туындылардың құндылығы баяндалды.

Мария Шингурова – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың оқу залдары бөлімінің жетекшісі:

– Осыдан 5 жыл бұрын Абай Тасболатов солтүстік өңірге жасаған кезекті сапарында кітапханаға 700-ден аса кітап табыстаған болатын. Туындылар санаулы данамен басылып шыққан екен. Бізде бұрын-соңды болмаған кітаптар.

Мария Шингурованың сөзінше, кітаптардың арасында депутаттың өзі де жазған шығармалар бар. Мәселен, “Қазақтың хас батырлары” атты еңбегі оқырман қауымның жүрегін жаулап алса керек. Жалпы, мемлекет қайраткері Абай Тасболатовты төл тарихымыз көп қызықтарады екен. Сондай кітаптардың бірі “Қазақстандық тренд” деп аталады.

Мария Шингурова – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың оқу залдары бөлімінің жетекшісі:

– Бұл кітапта Қазақстан Конституциясының қалыптасуы мен жетілу жолы жазылған. Кітап саясаткерлер мен заң шығарушыларға аса қызықты болуы тиіс. Авторлардың қатарында беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, саяси қайраткерлер мен ғалымдар бар. Кітап 3 тілде басылып шыққан.

Жалпы, бұл кітаптардың барлығын кітапхананың электронды каталогынан тауып, оқуға болады.

 

 

 

Жанна Бисенова