Спорт

«Qyzyljar» қарағандылық “Шахтер”-дан 1:3 есебімен ұтылып қалды

Пандемияға байланысты футболдан ел чемпионаты Алматы қаласында өтуде. Өткен сенбі күні жерлес «Qyzyljar» құрамасы еліміздің оңтүстік астанасында өзінің кезекті ойынын өткізді.

Айта кетейік, алдыңғы матчта петропавлдықтар Таразды қабылдаған болатын. Бірақ, жерлестеріміз де, қарсыластар да бір-бірінің қақпасына доп дарыта алматы. Осылайша матч 0:0 есебімен аяқталып, «Qyzyljar» құрамасы қоржынына 1 ұпай салған еді. Ал бұл жолы солтүстікқазақстандық аяқдопшылар / қарағандылық «Шахтер»-мен кездесті. Матч бастала салысымен қарсылас құрама мінез көрсетті. Ойынның 14-ші минутында бұрыштамадан көтерілген допты / қарағандылық қорғаушы Андрей Буйволов жерлестеріміздің қақпасына дәл бағыттап алғашқы есепті ашты. Таблодағы сан – 0:1. Екінші тайм өте тартысты өтті. Қос жақтан да көптеген қауіпті шабуылдар болды. Сөйтіп, ойынның 78-минутында есеп теңесті. Қызылжарлық жартылай қорғаушы қақпаның дәл бұрышына айыптамадан әдемі гол соқты. Доптың авторы – Габриель Енаке. Таблодағы сан – 1:1. Дегенмен, бұл жолы, жеңіс бізге бұйырмады. Матч аяқталарда, яғни 85 пен 90-шы минуттарда қарағандылық ойыншылар петропавлдықтардың қақпасына қос бірдей доп дарытып, кездесуді өз пайдаларына шешті. Қазіргі күні жерлестеріміз турнирлік кестеді 9-шы орында тұр. «Qyzyljar» / келесі кездесуін тамыздың 27-сі күні «Жетісу» құрамасына қарсы өткізбек.

 

 

 

Бердимурат Баймухан