Құқық қорғау органдары

Күш құрылымдары гарнизондық сап түзеді

Мұнда ең алдымен облыстың бас полицейі арнайы көліктер мен оған орнатылған бейнебақылау камераларын байқады. Одан соң мамандардың қызметке қаншалықты әзір екендігі тексерілді.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – мамандардың басты міндеті. Полицейлер кез келген жағдайда тұрғындарға көмек қолын созуға дайын болулары қажет.

Жалпы, облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қадағалауға күн сайын 270 адам жұмылдырылады. Оның 151-і әскери бөлімнің жауынгерлері болса, қалғаны – полиция қызметкерлері.

– Приказываю заступить на охрану общественного порядка. При несении службы соблюдать бдительное и внимательное отношение к гражданам!

7 айда осы мамандардың көмегімен өңірде 2300-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Оның 1417-сі қалада болған.

Маржан Касымбек