МТРА жаңалықтары

СҚО-да жемқорлықпен күрес жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлықпен күрес жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр. Тиісті іс-шаралардың нәтижелі орындалуына байланысты мемлекеттік органдардың бақылау функциялары едәуір қысқарған.

Сонымен қатар, бүгінде олардың жұмысының бақылануы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бұл жайлы облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңындағы Antikor.live тікелей эфирінде баяндады. Маманның айтуынша биыл өңіріміздің 9 ауданында ашық әкімдік іске қосылды. Және жыл соңына дейін бұндай жобаны тағы 4 ауданда қолға алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, “Қызылжар – адалдық алаңы” жобасының аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді дейді облыс әкімінің орынбасары. Басты назарда – құрылыс саласы тұр. Арнайы құрылған мониторингілік топ салынып жатқан нысандарға бақылау жүргізеді. Биыл өңірімізде “Халықтық бақылау” жобасы іске қосылған болатын. Жыл басынан бері оған тұрғындардан 116 өтініш келіп түсіпті. Жолданған мәселелердің көбісі шешімін тапқан екен.

Ғани Нығыметов – СҚО әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі күні облыс бойынша 477 жалпы білім беретін мектеп бар, олардың барлығы интернетке және “Электрондық үкімет” веб-порталына қосылған. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді. Қазіргі уақытта ата-аналардан және заңды өкілдерден 8114 өтініш келіп түсті, оның ішінде 8099 өтініш “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы электронды түрде жолданды, қағаз түрінде 15 өтініш түсті.

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан