Денсаулық сақтау

Мониторингілік топ дәріханаларды аралады

“Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілдері дәріханаларға мониторинг жүргізуде.

Мамандар дәрі-дәрмек жеткілікті ме, құнын қалта көтере ме – барлығын таразылап, нәтижесін тиісті органдарға хабарлайды. Негізі, препараттардың бағасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мөлшерден аспауы тиіс. Осы ретте мониторингілік топ мүшелерінің тұрғындарға айтары, дәрінің қымбаттағанын байқасаңыз, 1424 колл-орталығына қоңырау шалу қажеттігін еске салады. Сондай-ақ, бүгінгі шара барысында “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілдері дәріханаларға дәрі-дәрмектердің бағасы жазылған ақпараттық қағаз ілді.

Сәлімхан Сәбитов – “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Бұл афишада дәрі-дәрмектердің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бағалары жазылған. Сонымен қатар, афиша бетінде QR-код та бар. Ол арқылы бүкіл препараттар бағасының тізімін таба аласыздар.

 

 

 

 

 

Жанна Бисенова