Денсаулық сақтау

Өңірде алғаш рет жатыр миомасына эмболизация отасы жасалды

Миома – жатыр бұлшық етінің қабатында орналасқан қатерсіз ісік. Яғни, әйелдің ішкі ағзасында пайда болатын жұмсақ дінді жасушалар. Егер оны жоймаса нәзікжанды сәби көтере алмай қалуы мүмкін.

Бұрын қыз-келіншектерге эмболизация жасау үшін Нұр-Сұлтан қаласына баруға тура келетін. Күні кеше операцияның бұл түрін жергілікті дәрігерлер елордалық білікті хирург Евгений Мунмен бірге өткізді.

Дмитрий Тё – көпбейінді облыстық аурухананың кардиология блогының бөлімше меңгерушісі:

– Жатыр миомасы мен қуықасты безін емдеуде екі тәсіл қолданылады. Ол ісіктің көлеміне байланысты. Індет тым үлкен болса жатырға күрделі операция жасалады немесе ол алып тасталынады. Көлемі кішкентай болса қол артериясы арқылы жоюға мүмкіндік бар. Нұр-Сұлтаннан келген мамандар соңғы аталған отаны жасаудың қыр-сырын үйретті. Олар бір күнде 2 әйел мен бір ер адамды емдеген.

Ерекшелігі сол – операция алдында наркоз салынбайды. Науқас айналада болып жатқанның бәрін көріп жатады. Өйткені, жатыр миомасы мен қуықасты безін эмболизациялау кезінде адамның денесі тілінбейді, емдеу шаралары қолдың тамыры арқылы жүзеге асырылады әрі ең бастысы денсаулыққа қауіпсіз. Елена Воронина – өңірде алғашқылардың бірі болып ота жасатқан нәзікжанды. Қазір ол облыстық көпбейінді ауруханада тиісті ем-дом алып жатыр.

Елена Воронина:

– Операция небәрі бір сағатқа созылды. Қуантарлығы, ота кезінде дене тілінбейтіндіктен, тыртық та қалмайды. Өзімді жақсы сезінемін. Басым айналып, қолым ауырған кездер де болмады. Дәрігерлер жиі келіп хал-жағдайымды біліп отырады.

Елордалық маман өңірде бірнеше күн болып, жергілікті ақ халаттыларға шеберлік сағаттарын өткізеді.

Маржан Касымбек