МТРА жаңалықтары

61 жастағы қала тұрғыны масаң күйде көлік жүргізген

Өңір полицейлері жыл басынан бері / ішімдік ішіп алып, көлікке отырған / 600-ден астам жүргізушіні тоқтатқан. Соңғы жайттардың бірі жуырда облыс орталығында тіркелді. 61 жастағы азамат масаң күйде кешкі рейд кезінде ұсталды.

Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, қос жолақты басып өткен. Онымен қоймай тиісті жерде жаяу жүргіншіге жол бермеген. Осы және тәртіпке қайшы өзге де жайттарды тәртіп сақшылары әр рейдтік шараларында тіркейді екен. Рөлге масаң күйде отыратындар да кездеседі. Әдетте, бұндай әрекетке жеңілтектеу келген жас барады деп ойласаңыз, жоқ! Ақыл тоқтатқан ағалар да жолығады. 61 жастағы қала тұрғыны ішімдік ішкен күйі көлік басқарған. Алысқа бара алмады. Полиция қызметкерлерінің құрығына түсті.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

 – “Volkswagen Passat маркалы көлігін масаң күйде жүргізген 1959 жылы туған қала тұрғыны ұсталды. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралын масаң күйде жүргізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Ішіп алса да шаруасы барын ұмытпапты. Жұмыстармен шығып едім деп ақталмақ болған қала тұрғыны. Өзінің айыбын мойындағысы жоқ.

– Мы вас доставили в управление полиции города Петропавловска, машину водворили на спецстоянку, для временного хранения.

Істің анық-қанығы анықталған соң нүктесі мамандандырылған әкімшілік сотта қойылады. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында көлікті мас күйде басқарған 600-ден астам жүргізуші ұсталған.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы