Мәдениет

Жергілікті ақын Галина Волкова “Нет счастья без любви” атты кітабын шығарды

“Нет счастья без любви”. Бұл – жергілікті ақын Галина Волкованың / жақында жарыққа шыққан өлеңдер жинағының атауы.

Шағын кітап екі бөлімнен, яғни бұрын жазылған және сиясы кеппеген өлеңдерден тұрады. Шығармашыл жанның бүгінде 200-ден астам төл туындысы бар екен. Галина Волкова, негізінен, туған жер, махаббат, балалық шақ пен табиғат жайлы қалам тербейді.
Оның өлеңдерінің арасынан, тіпті, коронавируспен күрес тақырыбында жазылған жыр жолдарын да кезіктіруге болады.

Галина Волкова – ақын:

– Өзімнің алғашқы өлеңімді 15 жасымда жаздым. Әуелде балалық шақ турасында қалам тербедім. Кейін осы тақырып төңірегінде ғана шектеліп қалмай мені қызықтыратын өзге де жайттарды тербей бастадым. 5-ші өлеңдер жинағын басып шығару туралы ой былтыр туындаған болатын. Ойымды сәтті жүзеге асырдым. Кітаптарды жора-жолдастарыма және таныстарыма тарту етемін.