Спорт

“Qyzyljar” құрамасы сырт алаңда “Тараз” командасымен кездесті

Тең түсті. 18-ші тамыз күні елде футболдан Премьер-лига қайда жанданды. Оның 4-ші турында петропавлдық “Qyzyljar” құрамасы сырт алаңда “Тараз” командасымен кездесті.

Ойын көрермендерсіз өтті. Матчта қос команда ойыншылары өте сақ болды. Аса көп шабуыл жасалған жоқ. Сол себепті, ешбір құрама бір-бірінің қақпасына доп дарыта алмады. Осылайша ойын соңы 0:0 есебімен аяқталды. Қазіргі күні “Qyzyljar” құрамасы турнирлік кестеде 9-шы орында тұр. Ал келесі кездесуді жерлес құрама тамыздың 22-сі күні қарағандылық “Шахтер” құрамасына қарсы өткізбек. Бұл жолы петропавлдық аяқдопшылар қарсыластарын өз алаңында қабылдамақ.

Вячеслав Руснак – “Qyzyljar” ФК бас жаттықтырушысы:

– Кідірістен кейін ойын ырғағының жетіспеушілігі сезілді. Бізге де, қарсылас командаға да бұл кездесу қиынған соқты. Әйтеуір, гол соқпасақ та өзімізге доп өткізген жоқпыз. Осылайша қоржынға 1 ұпай салдық.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан