Құрылыс

Новоишимское селосында 50 пәтерлі үй қолданысқа тапсырылады

Кең, жылы әрі жарық. Тамыздың соңында Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Новоишимское селосында 50 пәтерлі үй қолданысқа тапсырылады.

Баспананың құрылысы 2019 жылдың шілдесінде “Нұрлы жер” бағдарламасының аясында бастау алған болатын. Нысанның жалпы аумағы 4200 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйдің құрылысына 481 млн теңге көлеміндегі қаражат облыстық және республикалық қазынадан бөлініпті. Пәтер кілттері негізінен кезекте тұрған көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға табысталады.

Айдын Қазжанов – Ғ.Мүсірепов аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Нысанда бір бөлмелі – 17, екі бөлмелі – 19 және 3 бөлмелі 14 пәтер бар. Үйлердің аумағы 35-тен 65 шаршы метрге дейін жетеді. Баспанадағы жұмыс аяқталды. Ауланы аббаттандыру ісі де мәресіне жетуге жақын. Енді тек асфальт төсеп, бейнекамералар мен домофондарды орнату ғана қалды.

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова