Ауыл шаруашылығы

Биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша 380 жерлесіміз ниесе рәсімдеген

Биыл 380 жерлесіміз «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрайтын несие алған. Тиімділігі сол, қарыз / бар-жоғы 6 пайыз жылдық үстемеақымен қайтарылады. Мемлекеттен қолдау көрген жандардың бірі Қызылжар ауданындағы Красный Яр селосында тұрады. Досбол Нұржанов екі бірдей кредит рәсімдепті. 6 млн теңгеге 10-ға жуық жылқы мен егін жинайтын құрылғы сатып алған. Қазір бие сауып, қымыз жасайды, етін саудалайды. Кәсіпкер, әсіресе, қышқыл сусынға тұрғындар тарапынан сұраныс көп екенін айтады. Өнімге тіпті, Нұр-Сұлтан қаласынан да тапсырыс түседі екен.

Досбол Нұржанов – «Нұржанов Д.Е.» ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– Бала кезден жылқы арасында өстік. Вирус тараған соң биыл сұраныс жоғары. Көбі биенің сүтін сұрайды.

Айдар Тулеев – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Бүгінгі күні «Еңбек» бағдарламасы аясында тағы 48 жоба қарастырылып жатыр. Егер мақұлданса, қабылданса кәсіпкерлерге 240 млн теңге берілетін болады. 6 пайыздық үстемақымен несие рәсімдегісі келетін жандардың көбі мал шаруашылығымен айналысуды таңдаған. Әсіресе, жылқы бағуды көздейтіндердің саны көп.

 

 

Маржан Касымбек