Білім

Kozybayev University сабақты қашықтықтан өткізуге әзір

Кезекті оқу жылын Kozybayev University-де қашықтықтан өткізеді.

Жоғарғы медицина мектебінің студенттерінен басқасының барлығы үйде отырып білім алмақ. Ал ақ халат киген қыз-жігіттердің оқу жағдайлары тиісті санитарлық талаптардың сақтай отыра өткізілмек. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, сабақты онлайн оқитындар бұл жолы «Zoom» арқылы емес, «Moodle» бағдарламасы арқылы байланыспақ. Өйткені, соңғы аталған қосымшаның көмегімен / дәрісті тыңдап қана қоймай, тапсырмаларды орындап, қайта жіберуге болады екен. Ең бастысы, тың дүние жоғары жылдамдықты интернетті қажет етпейтін көрінеді.

Жанар Таласпаева – “Kozybayev University” ТАҚ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры:

– Медицина мамандарымен қоса, докторантура, магистрант, бакалаврдың соңғы курсында оқитындар зерттеу жұмыстарын жүргізетін болса, лабораторияларға келуге рұқсат берілген.

 

Маржан Касымбек