МТРА жаңалықтары

Петропавлдық балабақшалар жұмысын қайта жандандырды

Петропавлдық балабақшалар жұмысын қайта жандандырды.

Жалпы, облыс орталығында 44 / мектепке дейінгі білім беру ошағы бар. Оның 28-і – мемлекеттік, қалғаны – жеке меншіктегі нысандар.

Балабақшаларда / қазіргі жағдайға байланысты тиісті санитарлық шаралар қолға алынған. Мәселен, “Ақбота” балабақшасында әр бөлменің тұсына санитайзер орнатылған. Ата-аналардың ішке кірулеріне болмайды. Яғни, балаларды сырттан қарсы алулары тиіс.

Жанна Абилова – “Ақбота” балабақшасының меңгерушісі:

– Бізде 14 топ бар. Бүлдіршіндер көбіне далада ойнайды. Балабақшаға келу көрсеткіші, әзірге, 30 пайызды құрап отыр. Алдағы күндері 100 пайызға жетеді деп күтілуде. Балабақшада жалпы саны 50-ге жуық бала бар.

 

 

 

Жанна Бисенова