Құқық қорғау органдары

Петропавлда жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып қалды

Петропавлда жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып қалды.

Оқиға демалыс күндері Н.Назарбаев пен Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысында болған.
Ақ халаттылар 71 жастағы қала тұрғынын ауруханаға әкетіп бара жатқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға қалалық мамандандырылған әкімшілік сот отырысында белгілі болмақ.