COVID-19: Қазақстан

Карантин жұмсартылды, қоғам белсенділері жұртты жауапкершілікке шақырады

Бүгін қазақстандықтар асыға күткен күн. 7 аптаға созылған карантин жеңілдетілді.

Сауда және ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар есіктерін айқара ашты, сұлулық салондары мен шаштараздар да ашылды. Фитнес залдар мен моншалар да жұмыстарын қайта жандандырды, тек бассейндері жабық демесең. Отандастырымыз енді ашық аспан астындағы аттракциондарға да, дәмханаларға да бара алады. Қосымша білім беру орталықтары, түзету кабинеттері де балаларды қабылдай бастады. Ал балабақшаларда кезекті топтар құрылды. Қысқасы шектеулердің бәрі болмаса да біразы алынды. Тек бұл жағаны жайлауға жіберу керек дегенді білдірмейді дейді жергілікті қоғам белсенділері. Олар жұртшылықтан санитарлық талаптарға бейжай қарамауды сұрайды. Сөздерінше, еліміздің індеттен толықтай құтылуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге тікелей байланысты.

Иманғали Татваев – қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Сақтану керек. маска тағып, дистанция сақтау керек. Корнавирусты біз жай жеңе алмаймыз. Өзімізді, жанымызда тұрған жанды сақтауымыз тиіс. Сонда ғана ауру шегінеді.

 

 

 

 

 

 

Саят Ермек