МТРА жаңалықтары

Жыл басынан браконьерлерге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған

13 млн теңге. Бұл – заңсыз / балықтарға қармақ салып, аң аулағандардың мемлекет бюджетіне келтірген шығын көлемі. Өңір аумағында өзен-көлдердің саны 2 мыңнан асып жығылады. Олардың 330-дан астамы кәсіпкерлерге жалға берілген.

Дәл осы су айдындарында балық аулау үшін азаматтардың қолында арнайы рұқсат қағазы болуы тиіс. Аңшылықты жаны сүйетін тұрғындар үшін де талап осы. Солтүстік Қазақстан облысында аң аулауға 37 орман шаруашылығының аумағы қарастырылған. Бірақ, бұл аймаққа барып, емін-еркін / жануарларды мылтық нысанасына алуға болмайды. Мұндай мүмкіндік тек тиісті құжаттары бар адамдарға берілген. Бірақ, кейбір жерлестеріміз бұл ережеге құлақ аспайтын көрінеді. Жыл басынан ақ қайыңдар өлкесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 660-қа жуық факті тіркеліпті. Олардың басым көпшілігі жануарлар әлеміне қатысты.

Нұрбек Баекин – СҚО ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Жыл басынан заңсыз аңшылық бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 13 млн теңгеден асты. Қазір “Қызыл кітапқа” енбеген аңдарды аулауға рұқсат етілген.

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова