ТЖ

СҚО-да 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Жаға ұстатарлық жағдай. Кеше көп қабатты үйдің терезесінен 3 жасар бала құлап кетті. Аталған жайт Айыртау ауданында болды.

Өкінішке қарай, 4-ші қабаттан құлдилаған бүлдіршін оқиға орнында мерт болды. Мамандардың айтуынша ол терезедегі москит торына сүйеніп отырса керек. Жалпы, өткен жылы облыс аумағында мұндай 4 жағдай тіркелген екен. Құтқарушылар тұрғындарға баланы үйде жалғыз қалдырмау қажеттігін ескертуде.

Игорь Жуков – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Баланы үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Егер басқа амал қалмаса, баспанадағы терезелерді жауып кетіңіздер. Сондай-ақ, арнайы қорғаныш құралынсыз терезеге москит торын орнатуға болмайды және терезе маңына жиҺаз қоймаңыздар.

 

 

 

Бердимурат Баймухан