Құқық қорғау органдары

Полицейлер ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолын кесті

Полицейлер ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолын кесті. Оқиға 7-ші тамыз күні Мағжан Жұмабаев ауданында орын алды. 53 жастағы ресейлік азамат масаң күйде жеке көлігімен шекарадан 400 грамм гашиш өткізбекші болған.

Өзі құрықталып, есірткі тәркіленіп алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 286-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Заңды бұзған адам 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе мүлкі тәркіленіп, қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізуі де ықтимал. Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері заңсыз айналымнан 200 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан