Мәдениет

Облыстық кітапханаға С.Мұқанов туралы жаңа кітаптар жеткізілді

Осыған орай бүгін облыстық кітапханаға қаламгер туралы жазылған “Келбет” атты жаңа кітап жеткізілді. Туындының авторы -жазушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек. Сиясы кеппеген бұл еңбекті солтүстікқазақстандық оқырман қауымға Қазақстан Жазушылар одағының елордадағы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы таныстырды.

Дәулеткерей Кәпұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры:

– Бұл кітап қызылжарлық кәсіпкер, ұлт руханиятына бейжай қарай алмайтын Жомарт Омаровтың қаражатына шығарылды. Осы тойға қосқан үлесі. Біз қазір кітапханаға 20 кітап тапсырамыз. Жалпы тиражы 500-дей кітапты СҚО-ға жеткізіп береміз. Ол ертең Сәбиттің тойына келген қонақтарға тарту ретінде таратылады. Қолымыздан келгенше Қазақстанның бүкіл облыстық орталық кітапханаларына өзіміз таратамыз.

 

 

 

Алтынай Қазиқан