Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан 60 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелген

Жол ережесін бұзу, ұрлық жасау, қоғамдық орындарда жанжал шығарып, жаға жыртысу, карантин талаптарын елемеу.

Облыс орталығында жыл басынан бері 60 мыңға жуық құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Оның 9 мыңнан астамы камералардың көмегімен анықталған екен. Айта кетейік, облыс аумағында 1300 бейнебақылау құрылғысы бар. 400-ден астамы қала көшелерінде орнатылған.

Қанат Қасенов – қалалық ПБ ЖБО аға инспекторы:

– Жыл басынан бері «102» нөміріне 84 мыңдай қоңырау келіп түсіпті. Полицейлер 16400 шағым келген орынға барып, көмек қолын созған.

 

 

Маржан Касымбек