МТРА жаңалықтары

Күл-қоқыс бітеген суағарлар жаңбы суына төтеп бере алмады

Саят Ермек – тілші:

-Биылғы жазда Петропавлда жаңбыр аса көп жауа қойған жоқ, бірақ кеше кешке армансыз құйды. Сондықтан шаһар жолдаының кемшін тұстарын көру үшін көшеге нөсерден кейін шығу керек. Жаңбыр суы жолдардың жиектерінде, тротуарларда және аулаларда жиналады. Қарапайым мысал: қазір біз МТРА кеңсесінің маңындамыз. Кешек кешке жаңбырдан кейін бұл жерде аяқ басып жүру мүмкін болмаған еді. Бірақ, коммуналдық қызметтердің жұмысына айтар уәжіміз жоқ. Келіп суды сорып алып кетті.

Иә, Петропавл үлкен бір көлшікке айналды десе де болады. Сондықтан, коммуналдық қызметтер түні бойы көз ілмеген. Жұмыс көбейді, әсіресе жеке секторда. Оны қойшы, орталықтағы көшелердің өзін шалшық су басты.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

-Кеше қала бойынша “I-Komek” орталығының 109 нөмірі бойынша 6 хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы коммуналдық қызметтерге жіберіліп, мамандар жұмысқа кірісіті.

Тек бүтін бір қалаға су соратын небәрі 6 бригада. Сондықтан, жұмысты бүгін таңғы 7-ден жалғастыруға тура келді.

– Откачали район Вокзала, центр города.
-Сколько машин уже заполнили?
-Машин 10, наверное.
-С утра?
-Да!
-Воды много?
-Воды очень много
.

Кешегі кештен бүгінгі таңға дейін Петропавл артық судың 700 текшесінен тазартылған. Осының арқасында шаһар бойынша қатынау біршама жеңілдеді. Десе де, мұндай жағдай аспаннан нұр жауған сайын қайталанады емес пе? Неге? Әкімдік өкілдері тұрғындардың өздерінде де бар дейді. Жоқ, кінә жаңбыр тілеуде емес, мынада.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

-Көбіне тұрғындардың өздері суағарларға қалдықтарды лақтырады. Нәтижесінде, олар толып қалып, судың ағуына кедергі болды. Осы ретте тұрғындар қалдықтарды, бөтелкелер мен пакеттерді арнайы жәшіктерге лақтырса деген өтініш айтамыз.

Қатардағы жұмысшыларға кеше бітелген ливневкаларды қолмен тазартуға тура келген. Өйтпесе, артық су қайда кетеді?! Петропавлдағы суағарлардың жалпы ұзындығы 92 шақырымнан асады. 44 километрі – ашық желілер. Көбіне дәл соларға жұртшылық қоқыс тастауға құмар. Туған қаланың тазалығы өзімізден басталады. Осыны ұмытпаған жөн.

 

 

 

 

 

Саят Ермек