МТРА жаңалықтары

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған монеталар шықты

Ұлттық банк Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жаңа монеталарды айналымға шығарды. Коллекциялық тиындар – “Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар” сериясынан.

Шақалар 3 түрлі номиналмен жасалған. Алғашқысы – 500 теңгелік. Ол күмістен әзірленіпті. Оны кәдесыйға тартуға болады.

Салмағы 31,1 грамды құрайтын монета 10 мың теңге тұрады. Ал 100 теңгелік тиындар мельхиор және нейзильбер қоспаларынан жасалған. Бұл ақша айналымында қолданылады. Екеуінің салмақтары – 15 пен 11 грамның шамасында. Әзірге, монеталар еліміздің басты қалаларында ғана сатылып жатыр. Өңірге жуық күндері жеткізіледі.

Александр Афанасьев – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚОФ касса меңгерушісі:

– Монеталардың саны шектеулі. Мәселен, 500 теңгелік күмістен жасалған тиынның тек мың жарым данасы ғана шығарылды. Ал мельхиор қосып әзірлеген 100 теңгелік тиынның 8 мың данасы бар. Нейзильберлі шақалардың саны – 75 мың.

 

 

 

Маржан Касымбек