Құқық қорғау органдары

СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты

СҚО-да Toyota Camry мен КамАЗ көліктері соғылып, 2 адам қаза тапты.

Оқиға кеше күндізгі сағат 3-терде “Челябі-Новосібір” тас жолында Пеньково ауылының тұсында болған. Шетелдік жеңіл көлікті / М.Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны басқарған екен. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк машинасына соғылған. Салдарынан жеңіл автомобильдің жүргізушісі мен жанында отырған 57-ші жылғы жолаушы ажал құшты. Ал КамАЗ-дың рөлінде отырған адам зардап шеккен жоқ.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша іс қозғалды және қажетті бірталай сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 7 айдың ішінде облыс аумағында 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 13 адам қайтыс болды және 129 адам әр түрлі жарақат алды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

 

 

 

Алтынай Қазиқан