МТРА жаңалықтары

Петропавлда бірнеше велосипед ұрлаған баукеспе ұсталды

Кәнігі ұры көбіне қараусыз қалдырылған велосипедтерді қолды қылып отырған. 60 мыңдыкі, 76 мың тұратыны. Крепостная көшесінде тротуарда жатқан, спорттық алаңның маңында сүйеулі тұрған, Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінде болған. Көзіне түскен дүниені тек жымқыруды ойлайтын адам кезекті ұрлық фактілерінің бірін тергеу кезінде ұсталған. Баукеспенің түр-тұлғасын анықтауда көше мен аулалардағы бейнебақылау құралдарының септігі тиген..

Асылбек Аяғанов – Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Қала тұрғындары бірінші бөлімге өз мүліктерінің жоғалғаны жайлы хабарлады. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде бұрын сотты болған 23 жастағы петропавлдық ұсталынып, қамауға алынды.

96 жылғы жігіт қазір тергеу изоляторында отыр. Өзі үстіміздегі жылдың сәуір айында ғана түрмеден шыққан екен. Бұған дейін велосипед ұрлаумен айналысқан.

Қазір полицейлер тергеудегі жігіттің басқа қылмыстырға қатыстылығын тексеріп жатыр. Ал ұрланған велосипедтер табылып, иелеріне қайтарылыпты.

Облыс аумағында жыл басынан бері аталған көлік құралының ұрлауға қатысты 80-ге жуық факті тіркеліп, оның тек жартысы ашылған.

Осы орайда тәртіп сақшылары тұрғындарға өз мүлкіне қырағы қарауға шақырады. Яғни дұрыс құлыптап, бейнебақылау камерасы бар жерге қою керек.

 

 

Жанна Бисенова