Ауыл шаруашылығы

Өңірде малды вакциналауда темір қаша қолданылуда

Әр тамыз айында төрт түлікке күзгі вакцина егу жұмыстары бастау алады. Ауа райы суытып, жануарлар қораға кіргізілмей тұрғанда бруцеллез, туберкулез қарасан ауруларының алдын алу үшін емдік шаралы жүргізіледі. Алайда, бұл уақытта шаруаны атқару ветеринарларға біраз қиынға соғады. Өйткені, малдардың барлығы жайлауға жіберілген. Өрістегі қой мен ешкіні ұстау жеңіл болғанымен, сиыр, жылқыны бағындыру мүмкін емес. Сондықтан, жергілікті мамандар мынадай темір қаша орнатып жатыр. Ұзындығы да, ені де 36 метрді құрайтын қоршаудың ішіне 30-дан астам бас сыяды.

Берік Әлжанов – СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Бұрын мал дәрігерлері үйлерді аралап жүріп екпе шаруаларын жүргізетін. Қазір иелері малдарын осы жерге әкеліп, белгіленген уақытта вакцина егіп, әкете алады. Әр елді мекен жоспар бойынша жұмыс атқарады. Тиісті жерге осы қашаны апарып, 2 сағаттың ішінде құрып жұмысын жасайды.

Енді қашаның қызметіне тоқталып өтейік. Вакцина егу кезінде жануарлар бір-бірден кіргізіледі. Шаруа барысында жылқы немесе сиыр адамды теуіп жібермесі үшін төрт түлікті жан-жақтан темірмен қоршайды. Мұндай қоршаудың тағы бір ерекшелігі – оны аз уақытта бұзып, кез келген жерге орнатуға болады. Тың дүниені ветеринария мамандары мен жергілікті кәсіпкер бірлесіп ойлап тапқан екен. Жаңашылдықты жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 3 млн теңге бөлініпті.

Хамза Шубаев – кәсіпкер:

– Малды қамаймыз. Бір-бірден өтіп отырады. Сол кезде қанын алып, вакцина егуге болады. Қазір осы салада істеп жүргенен кейін тапсырыстар көп түсуде. Қаша жеңіл, ыңғайлы және қолайлы.

Темір қаша, әзірге, Аққайың ауданындағы Трудовое селосында вакциналау шаралары аяқталғанша қолданылады. Одан кейін, өңір аумағындағы басқа да ауылдарда пайдаланылмақ.

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек