Ауыл шаруашылығы

Елде зығыр мен бидай өсірумен айналысатын кәсіпорындар саны артуда

Тағы 86 отандық кәсіпорын Қытайға зығыр тұқымы мен бидай ұнын экспорттауға мүмкіндік алды.

Соңғы жылдары елімізде аталған дақыл түрлерін егумен айналысатын фермерлер саны көбеюде. Өйткені, бұл өнімдер климат талғамайды. Еліміздің кез келген аймағында өсе береді. Әрі Аспан асты елінде зығыр мен бидайға деген сұраныс аса жоғары көрінеді.

Айта кетейік, осыған дейін көрші мемлекетпен сауда-саттықпен айналысуға зығыр тұқымын егетін – 103 және бидай өндіретін 94 серіктестік құқылы болатын.

 

Алтынай Қазиқан