Денсаулық сақтау

Дәрілер мен масканың құнын өсірген 7 дәріханаға ескерту жасалды

Дәрі-дәрмек пен бетперденің құнын әдейілеп өсіріп, саудаға салған.

Заңбұзушылық қаладағы 7 дәріханада орын алды. Мұны жергілікті мамандар мониторинг барысында анықтапты. Алғашқыда сауда нүктелерінің иесіне ескерту жасалған. Егер жағдай тағы қайталанса 130 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл – шамамен 345 000 теңге. Тағы шара барысында тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы дене қызуын өлшейтін құралдың жоқтығына шағымданыпты. Бұған облыстық экономикалық тергеу департаментінің өкілі былай деп жауап берді.

Абласан Құрбанов – СҚО экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Құрылғылардың болмауы Қытаймен шекараның жабылуына байланысты. Сондай-ақ, “Biolan” кәсіпорны қызметін тоқтатуы себеп болды. Қазіргі уақытта тек электронды термометрлер бар, дене температурасын бақылау құралдарына уақытша қажеттілік олардың болуымен толықтырылуы мүмкін.

 

 

 

Маржан Касымбек