МТРА жаңалықтары

Сенат депутаттарын сайлау науқанына әзірлік қорытындыланды

Бүгін түнде Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тыйылады. Бюллетеньге 46 адамның аты-жөні енгізілген. Олар Парламенттің Жоғарғы палатасындағы 17 орынның біріне жайғасуға ниет білдіріп отыр. Еске сала кетейік, Сенат депутаттарын сайлау тамыздың 12-сінде өтеді.

Күнтізбелік жоспарда белгіленгендей, науқанды ұйымдастыру бойынша барлық сайлауалды шаралар аяқталып қалды. Осылай деп отырыс барысында еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің хабарлағаны туралы Kapital.kz порталында жазылды. Сайлауға дайындықтары жөнінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының және облыстардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары да есеп берген. Республика бойынша сайлаушылардың тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізіліпті. Дауысберушілер қатарының / Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында көп, ал Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Алматы қалаларында сирек екені байқалады. Сондай-ақ, Берік Имашев сайлау науқанының санитарлық қауіпсіздігі / әр өңірдегі жағдайға байланысты тиісті деңгейде қамтамасыз етілгенін айтты. Сайлау өтетін күні / дауысберушілерді тіркеу мен алдын ала қорытынды жүргізу бойынша / Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында онлайн-бақылау қызметі іске қосылатын болады.

Данаш Хамзина