МТРА жаңалықтарыБілім

“Өрлеу” орталығы вебинарлар легін өткізуде

“Сабақ қалай өтеді?”, “Қандай онлайн-платформалар қолданылатын болады?”, “Интернетке қосылатын мүмкіндік таппаған жағдайда не істеу қажет?”. Осы және өзге де сұрақтар бүгінде ата-аналар қауымын толғандырып отырғаны рас. Оған – келер оқу жылының бірінші тоқсанының онлайн форматта өтетіні себеп. Осы орайда “Өрлеу” орталығы жан-жақтан түсіп жатқан сауалдарға жауап беру мақсатында арнайы вебинарлар легін өткізуде. Мәселен, кеше мамандар Айыртау, Аққайың, Ақжар мен Есіл аудандарының тұрғындары жолдаған 70-тен астам сұраққа жауап берген. Ал бүгін Жамбыл, М.Жұмабаев, Мамлют пен қызылжарлық ата-аналардың бұйымтайын тыңдап, кеңес айтты. Ал вебинарға қосыла алмағандар іс-шараны орталықтың Instagram мен Facebook желілеріндегі парақшаларынан көре алады.

Гүлзат Әлжанова – “Өрлеу” БАҰО АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы:

– Қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар оқушының жұмыс орнын ұйымдастырып, компьютермен жұмысты қадағалап, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсеткендері жөн. Сонымен қатар, балалардың интернеттің қалай қолданып, қай сайтқа кіріп жатқанын бақылау абзал.

 

Жанна Бисенова