МТРА жаңалықтары

Аялдамаларға автобустардың бағыты белгіленген карталар ілінуде

Инфобас – автобустардың бағытын, аялдамаға қашан жететінін лезде анықтап беретін қосымша. Бұл бағдарламаны әсіресе жастар көп қолданады. Алайда, заман игілігін егде жастағы адамдар түсіне бермеуі мүмкін. Әрі кез келген уақытта ұялы телефоныңыз сөніп қалуы ықтимал. Мәселенің шешімін 17 жастығы Әлихан Көшербаев тапты. Ол автобустардың қай бағытта жүретінін білмей, қиындыққа тап болған адамдарды жиі байқайғанын айтады. Сол үшін қоғамдық көліктердің қозғалатын жері белгіленген карта әзірлепті. Мектеп оқушысына «QazUrban» жобасының өкілдері көмек қолын созған екен. Әзірге, бұл карта қаладағы 7 аялдамаға ғана орнатылыпты.

Әлихан Көшербаев – “QazUrban” жобасына қатысушы:

– Карта “Рахмет” және “ЦУМ” сауда орталықтары мен “Алтын арман” базарына жақын жердегі аялдамаға орнатылды. Тағы, Мир және Северный көшелері, Вокзал аялдамасында да бар. Алдағы күндері тағы бірнеше жерге қоюды жоспарлап отырмыз.

Жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шығыпты. Жолаушылар картаның түсінікті әрі ыңғайлы етіп әзірленгеніне ризашылығын білдіруде.

– Өте қолайлы екен. Картаға назар салып, тиісті автобусыңның қай бағыт бойынша жүретінін біліп аласың.

– Телефонның қуаты, әсіресе, қыз кезінде тез жұмсалады. Сол кезде картаның септігі тиеді. Керегіңді жылдам тауып алуға мүмкіндік бар.

Жалпы, қала аумағында 22 бағыт бойынша 200 автобус қатынайды.

 

 

 

Маржан Касымбек