Құқық қорғау органдары

Қала тұрғыны карантин кезінде дүркіретіп туған күнін тойлаған

Қала тұрғыны карантин кезінде дүркіретіп туған күнін тойлаған.

Оқиға тамыздың 8-і күні «Royal Palace» мейрамханасында орын алды. Нысанның караоке-барында 31 жастағы азамат 8 адам шақырып, той-думан жасаған.

Мұны рейд өткізіп жүрген мониторингілік топ анықтапты. Мамандар ережені елемей мереке ұйымдастырған той иесі мен мейрамхананың басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Айта кетейік, бұл – өңірде карантин кезінде жасырын той өткізу бойынша тіркелген 4-ші жағдай.

Қанат Қасенов – Петропавл қалалық ПБ жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы:

– Түнгі уақытта караоке-бар өз жұмысын тоқтатпаған. Заң бұзушыларға ӘК 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жеке тұлғаларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал кәсіпорын иесіне 200-ден 300 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Демалыс күндері қала ішінде карантин талаптарын бұзу бойынша 50-ден астам жағдай тіркелді.

 

Маржан Касымбек