МТРА жаңалықтары

Зейнетке онлайн шығуға болады

Зейнетке онлайн шығуға болады. Қазақстандықтарда бұндай мүмкіндік ағымдағы жылдың наурызынан бері бар. Сол кезде карантин салдарынан мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматқа ауысқан еді.

Өтініш беру үшін ЭЦҚ-ның болуы шарт. Азамат egov порталына тіркеліп, “электрондық өтініштер” бөлімін таңдайды. Кейін сауалнаманы толтырып, қолтаңбасы бар арыз бен сканерден өткізілген құжаттарды бекіту керек. Қажетті құжаттың тізімін “мемлекеттік қызметтердің стандарты” бөлімінен немесе “1414” нөміріне хабарласып білуге болады. Нәтижені жеке кабинеттен көре аласыздар. Одан бөлек, арызды eGovKzBot2.0 телеграмм боты арқылы рәсімдеуге мүмкіндік бар. Айта кеткен жөн, бұл істі зейнетақы жасына жетуге 10 күн қалғанда тындыру керек. Жыл басынан 2 мың солтүстікқазақстандық зейнетке онлайн форматта шығыпты.

Арман Жамұқов – “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:

– Егер азамат техникалық проблемаларға байланысты арызды онлайн түрде бере алмаса, “1414” нөміріне хабарласуы керек. Қоңырау тегін шалынады. Осылайша, өзінің мекен-жайына жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына электрондық кезек ала алады. Тұрғындардың басым бөлігі әлі де осы форматты таңдайды. Бірақ, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметке қол жеткізетіндердің де саны артуда.

 

 

Эльмира Садвокасова