ТЖ

Жамбыл ауданында бос тұрған астық сақтау қоймасы отқа оранды

Жамбыл ауданына қарасты Екатериновка ауылының маңында кеше түскі 1-лер шамасында шөп өртеніп, қызыл жалын жақын жерде орналасқан бос қойманы шарпыды.

Оқиға орнына Пресновка селосындағы өрт сөндіру бөлімі мен жергілікті «Шатило и К» серіктестігінің және «Сычев» шаруа қожалығының өкілдері дереу жетіп, отты сөндіруге кіріскен. Тілсіз жау 280 шаршы метр аумаққа жайылыпты. Нысанның шатыры күйген. Абырой болып, өрт астық сақтаулы 3 бірдей қоймаға таралмады. Жалын сағат кешкі 5-тер шамасында толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда төтенша жағдайдың орын алу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

 

 

Алтынай Қазиқан