Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сенат депутаты Е.Сұлтанов Мамлют ауданында болды

Биыл Мамлютка қаласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мұнда тозығы жеткен 4 бірдей көше жөнделуде, айналма жол салынуда. Көптен күткен іске 600 млн теңге бағытталыпты. Шаруа барысын өлкемізде жұмыс сапарымен жүрген сенатор Ерік Сұлтановқа Мамлют ауданының әкімі Руслан Аңбаев баян етті.

Руслан Аңбаев – Мамлют ауданының әкімі:

 – Күрделі жол жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланған. Биыл 4 көшеге асфальт төселеді. Сондай-ақ, орталыққа кіреберіс көшенің сапасын сақтап қалу үшін айналма жолды қалыпқа келтіріп жатырмыз. Онымен ауыр жүк көліктері қатынап, элеваторға астық таситын болады.

Оң өзгеріске Ерік Сұлтанов оң бағасын берді. Сөз барысында Парламент Сенатының депутаты карантинде қол қусырып отырмай, жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Биыл бәріміз үшін – қиын жыл. Дегенмен, мемлекет мұндай жұмыстарға қаржы бөліп, адамдарды еңбекпен қамтуда. Сондықтан тер төгу қажет. Солтүстік Қазақстанда жоспарланған жобалар толық көлемде жүзеге асырылып жатыр. Сапар барысында осыған көзім жетті.

Бүгінде Мамлютка қаласындағы “Достық” саябағы да абаттандырылып жатыр. Жұмыстар 15-ші қыркүйекте аяқталуы тиіс. Күзде мұнда орындықтар, серуендейтін жолақтар, балалар алаңқайы, спорттық тренажерлар пайда болады.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Әдемі саябақ болмақ. Мұндай жерді халқымыз жақсы көреді. Тек бір өтінішім бар, саябақтың ішін барынша көгалдандырыңыздар.Әсіресе, аққайың ағашының көшеттерін көп егу қажет.

Мамлютка қаласынан кейін Ерік Сұлтанов Новомихайлов селосына ат басын бұрды. Елді мекенде сенатор минералды тыңайтқыштар шығаратын цехқа бас сұқты. Өндіріс ошағы былтыр ашылған екен. Мұнда азот тыңайтқыштары өндіріледі. Ол гектар берекелігін арттыруға үлес қосады.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– В прошлом году средняя урожайность какая была?

Вячеслав Щеголев – “Новомихайловская 2003” ЖШС директоры:

– В рапсе мы получили – 21, на горохе мы получили – 40 центнеров, пшеница и ячмень – 30.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Ну это мощная и рентабельная хозяйство.

Селодағы цех Ерік Сұлтановтың көңілінен шықты. Кейін сенатор Новомихайлов селолық округінің тұрғындарымен жүздесті. Ағайынды бұрыннан бір мәселе алаңдатады. Новомихайлов елді мекенінде су тапшы. Проблема биыл шешімін табуы тиіс. Сорғы станциясын салуға
мемлекеттен 350 млн бөлінген екен.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Мен бұл обьектіні облыс және аудан әкімдіктеріне қатаң түрде қадағалау керектігін жеткіземін. Себебі, су халыққа қол жетімді болу қажет. Бұл – өте маңызды маңызды.

Ендігі кезек – Меңкесер ауылында. Сенатор бидай алқабын аралап, өнімнің сапасын білді. Кейін, «Мамбетов и К» серіктестігінде былтыр ашылған сүт-тауарлы фермада болып, жұмысымен танысты.

 

 

 

 

 

Ешкенова Дана