Мәдениет

Петропавлда «Любушин» қорындағы кітаптар таныстырылды

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ұжымы кезекті мәрте тікелей эфирге шықты.

Бұл жолы мәдениет ошағының қызметкерлері оқырмандарға “Любушин” қорындағы бірқатар кітапты таныстырды. Қор 10 мыңға жуық еңбектен тұрады. Оларды жергілікті университеттің профессоры Валерий Иосифович пен өзге де тұрғындар жинапты. Туындылардың арасында орыстың атақты ақын қызы Анна Ахматованың өлеңдер жинағы да бар. Тағы, австриялық психолог Зигмунд Фрейдтің зерттеулерін де кездестіруге болады. Онда адамның психологиясы жайлы мол деректер жазылған.

Юлия Пискунова – С.Мұқанов атындағы ОҒӘК бас кітапханашысы:

– Валерий Любушин 1939 жылы Петропавлда дүниеге келген. Жерлесіміз бала кезінен шығармашылыққа жақын болып өсіпті. Ол соғыс пен табиғат тақырыбында өлең жазғанды ерекше ұнатқан. Ақынның тегімен аталатын қорда оның 10 жинағы бар. Ал қалғаны – өзге азық-жазушылардың еңбегі.

 

 

Эльмира Садвокасова