ТЖ

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында 2 адам суға батып кетті

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында 2 адам суға батып кетті, ал бір азамат өрттен көз жұмды. Қайғылы оқиғалар жайлы толығырақ баяндайық.

Қызылжар ауданындағы Желяково селосынан 6 шақырым жерде орналасқан Каменное көлінде 40 пен 43 жастағы ер азаматтар су құрбаны болды. Олар отбасыларымен жағажайға демалуға келген екен. Отағасылардың бірі кенет бата бастайды. Екіншісі оны құтқармаққа әрекет жасайды. Алайда, екеуі де ажал құшады. Ал Есіл ауданына қарасты Корнеевка ауылында түнде тұрғын үй отқа оранды. Қызыл жалын бас көтергенде баспанада 58 жастағы үй иесі болыпты. Өкінішке қарай, мамандар жерлесімізді құтқара алмады.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Тілсіз жаудың кесірінен тұрғын үйдің шатыры, жиһаздар, жеке заттар бүлінді. Өрт шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрайды. От ас үйден шыққан. Жерлесіміз электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбаса керек. Қайтыс болған адамның жұмыс істемегені, ішімдік ішкені, жалғыз тұрғандығы анықталды.

 

 

Ешкенова Дана