МТРА жаңалықтары

Тамыздың 5-і – отандық медиация күні

Бірақ, ылғи тату өмір сүру мүмкін емес. Бұл – өмір шындығы. Тұлғалар арасында даудың түр-түрі туындап жатады. Оларды шешпекке сот бар, әрине. Бірақ бұл – жүйкені тоздыратын, қалтаға салмақ салатын үрдіс. Ал медиация – келіспеушілікті сот залына жеткізбей шешуге мүмкіндік беретін бірегей институт.

Рүстем Омаров – Петропавл қалалық №2 сотының судьясы:

 – Еңбек даулары, отбасылық даулар, кәісіпкерлікке қатысты даулар мен орташа және жеңіл деңгейде жасалған қылмыстар бойынша медиация тәртібінде татуласуға болады. Отбаслық қарым-қатнысаты бұзбауға болады, ал егер кәсіпкерлер арасында дау туындап жатса, татуласқан жағдайда ұрыс керіссіз, достық қарым-қатынас сақталады.

Екі жақты бітімгерлікке медиаторлар жетелейді. Былайша айтқанда делдалдық қызмет атқарады. Қазақта баяғыда билер болушы еді ғой. Сол бұрынғы билер – бүгінгі медиаторлар.

Рүстем Омаров – Петропавл қалалық №2 сотының судьясы:

– Екі тарап медиация орталығына келіп, өздеріне медиатор таңдайды. Медатор өзін таныстырады, тараптармен танысып, әрқайсысын жеке-жеке қабылдап, ойларын біліп, даудың ортасын тауып, шешіп береді.

Соттың міндеті – кінәліні тауып, жазалау болса, бітімгердің міндеті – татуластыру.

Гүлбахша Мұсабаева – кәсіби медиатор:

– Егер ерлі-зайыпты ажырасып жатса, сотта олар ашық түрде сөйлесіп, ойын, пікірін, эмоциясын жеткізе алмайды. Медиаторға келгенде басқаша. Медиатор – 30 пайызға психолог, 30 пайызға заңгер, 40 пайызға медиатор. Заң бойынша шешім қабылданғанда дауласушы тараптардың бірі ұтылып қалады. Ал медиация процессінде екі жақ та тиімді келісімге келеді.

Гүлбахша Мұсабаева медиация институтының дамуы Солтүстік Қазақстанда соңғы 2-3 жылда қарқын ала бастады дейді. Оның сөзінше облыс халқының шамамен 60 пайызы дауды сотқа жеткізбей шешуге болатынын біледі бүгінде. Бітімгерлік қызметке 8 жыл бұрын бет бұрған маман мыңдаған істі қарапты. Медиатор араласқан даулардың 90 проценті татуласумен аяқталатын көрінеді. Мысалдар жететін.

Гүлбахша Мұсабаева – кәсіби медиатор:

– Құрылыста жұмыс істеген 5-6 адам 2-3 жыл бұрын маған жолықты. Олар ресми еңбек шартына отырмаған екен. Жарты жыл жұмыс істегені үшін жалақыларын компания басшысы төлеген, ал қалған жарты жыл үшін төлемей кеткен. Сол компания өкілімен келісіп, кездестік. Олар ресми келісімге отырып, жалақылары берілді.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде 33 кәсіби, 200-ден астам қоғамдық медиатор бар. Олардың бүгін кәсіби мейрамдары десек те болады. 2011-дің 5-ші тамызында, яғни осыдан тура 9 жыл бұрын елімізде медиация туралы заң күшіне енді. Содан бері бұл күн республикамызда бітімгерлік күні ретінде аталып өтіледі.

 

 

 

Саят Ермек