COVID-19: Қазақстан

Шектеу шаралары күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысында жұма, сенбі және жексенбі күндері шектеу шаралары күшейтіледі.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, аймақта себепсіз қатынауға тыйым салынады. Ашық аспан астында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары уақытша жабылады. Тамыздың 8-і мен 9-ында аудан, облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар тоқтайды. Тіпті, саяжайларға баратын көліктер де жүрмейді. Тұрғындар ПИК өкілдерімен бірлесіп, подъездерде, балалар және спорт алаңдарында дезинфекция жүргізулері қажет. Халық көп шоғырланған жерлерде маска тағып жүріңіздер. Тек 5 жасқа толмаған ұл-қыздарға, медициналық қарсы көрсетілімі бар тұлғаларға, арақашықтықты сақтап топтық және жеке жаттығу жасайтын жандарға бетперде тақпауға болады.

Данаш Хамзина