МТРА жаңалықтарыДенсаулық сақтау

Сенат депутаты Е.Сұлтанов Қызылжар және Аққайың аудандарында болды

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының оңтүстік-шығысында көптен күткен мектеп бой көтеріп жатыр. Бүгінде мұндағы құрылыс жұмыстары 90 пайызға тәмамдалған. Жақында іс толығымен аяқталмақ. Қазір бір топ жұмысшы 300 адамға шақталған ғимараттың ішін әрлеуде.

Мектептің сыртында да қарбалас. Мұнда құрылысшылар оқушылар үшін волейбол, футбол алаңдарын салып жатыр. Жақында нысанның айналасы асфальтталмақ. Жалпы, су жаңа ғимартты тұрғызуға облыс бюджетінен 837 млн теңге бағытталыпты.

Ербол Бәгенов – Бескөл ауылының әкімі, Қызылжар ауданы:

–  Былтыр құрылысы басталса, биыл 1 қыркүйекте қолданысқа береміз. Қазір ішкі жұмыстар және сыртқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. “Парасат” мектебі үш аусымда оқитын. Сондықтан бұл мектептің ашылуымен үш ауысымды жабамыз.

Оқу ошағы 3 бөліктен тұрады. Алғашқы екеуі – білім алуға арналса, үшіншісінде асхана мен спортзал орналасқан. Соңғысы жуық арада дайын болмақ. Атқарылып жатқан шаруамен өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов танысып, өзінің оң бағасын берді.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Первого сентября я вижу все строительные работы закончиться и благоустройство уже почти готово. Хорошо, заканчивайте молодцы.

Кейін сенатор Аққайың ауданындағы Полтавка селосына ат басын бұрды. Мұнда Ерік Сұлтанов былтыр қолданысқа берілген фельдшерлік-акушерлік пунктінің жұмысымен танысты.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қандай кабинеттер бар?

Аиида Қыдырбекова – медбике, Аққайың ауданы:

– Бізде қабылдау бөлмесі, егу және қаралу бөлмелері бар.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Жақсы, мынау елге жақсы ғой.

Бұрын 800-ден астам село тұрғыны тозығы жеткен емдеу мекемесінде қарылыпты. Онда қазіргідей жеке кабинеттер, арнайы қондырғылар болмаған екен. Мәселе жергілікті кәсіпкердің бастамасымен шешімін тапты. Қалталы азамат 12 млн теңге бөліп, туған ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғызған, қажетті жабдықтарды әперген. Бұл істі Ерік Сұлтанов атап өтті.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл елді мекенде мемлекет пен бизнес арасындағы тығыз байланысты байқауға болады. Оның дәлелі мына – фельдшерлік-акушерлік пункт. Алдағы уақытта та ауқымды шаруа атқарылмақ. Ауылдағы көшелерге асфальт төсеу жоспарланған екен. Болашақта да осындай бастамалар жалғасын табатынына сенімдімін.

Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтановтың өңірімізге жасаған жұмыс сапары 7-ші тамызға дейін жалғаспақ.

 

 

 

Ешкенова Дана