Ауа райы

Тамыз айына арналған ауа райы болжамы

Енді жаздың соңғы айына арналған ауа райы болжамы жайлы толығырақ баяндайық. Солтүстікқазақстандықтар тамызда да күнге қыздырынып, табиғат аясында тыныға алады. Жоспарланған шаруаны да тындыруға мүмкіндік бар. Ал, аса күткен жаңбыр екінші және үшінші онкүндіктерде жаууы ықтимал.

-Күн өте ыстық. Бізге ұнайды. Мұндай ыстықта үйде шомыламыз және далаға серуендеуге шығамыз.
-Күн жақсы, жылы. Жаңбыр да болсын деп тілеймін.
-Түске қарай салқын жел болып тұрады. Жаңбыр болса, тіпті жақсы болар еді.

Жанна Бисенова – тілші:

– Йә, шынымен де биыл маусым мен шілде айлары солтүстікқазақстандықтарды ыстық күндерімен қуантты. Көзді ашып жұмғанша жаздың соңғы айы да келіп жетті. Тұрғындардың алдағы 27 күнге құрған жоспарлары көп. Қазір жерлестеріміз ала жаздай өсірген көкеніс пен жеміс-жидекерін жинап, қысқа дайындалу үстінде. Ол үшін ауа-райы қолайлы бола ма екен?

Гүлзат Ғазизова – «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Бірінші онкүндіктің орртасында ауа температурасы түнде 16-21 градус жылы, күндіз 31-36 градус жылы болады. Соңында ауа температурасы түнде 12-17 градус жылыға, күндіз 25-30 градус жылыға дейін төмендейді. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 12 градус жылы, күндіз 23-28 градус жылы күтіледі. Кейін ауа температурасы түнде 10-15 градус жылыға, күндіз 18-23, кей жерлерде 28 градус жылыға төмендейді.

Яғни, өңірде жылы ауа температурасы айдың соңына дейін сақталмақ. Сондықтан жоспарлаған шаруаны тындыруға, табиғат аясында тынығуға мүмкіндік бар. Синоптиктердің сөзінше, тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде аймақтың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жауын-шашынның мөлшері норма шамасында болмақ. Ал соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрамақ.

 

 

 

Бердимурат Баймухан