Спорт

Спорт сарайында жөндеу жұмыстары қарқын алды

Өңір тұрғындарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай! Петропавлдағы Спорт сарайында жөндеу жұмыстары қарқын алды. Нысан алдын асфальттау мен аббаттандыру шаралары бүгінде өз мәресіне жеткен.

Қазір мамандар мұз аренасында жаңа трибуналарды орнатып жатыр. Алдағы уақытта мұнда жарықтандыру жүйесін де ауыстыру көзделген. Шаруаға «Bear Инжиниринг» компаниясы жауапты. Мердігерлер өздеріне жүктелген міндетті тамыз айының соңына дейін тәмамдаулары тиіс. Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысының хабарлауынша аталған іске бюджеттен 28 млн теңге бөлініпті.

 

Эльмира Садвокасова