Ауыл шаруашылығыҚұқық қорғау органдары

Малы қараусыз жайылған тұрғындарға айыппұл салынбақ

Малы қараусыз жайылған тұрғындарға айыппұл салынатын болады. Өйткені бақташысыз емін-еркін оттап жүрген тұяқтылар барымташылар үшін оңай олжа әрі жолдағы көліктерге қауіп төндіреді.

Нақтырақ баяндайық, әкімшілік кодекстің иттер мен мысықтарды күту туралы бабы енді мал бағу ережелерімен толықпақ. Қағидалар бектілгеннен кейін төрт түлікті жайылымға қараусыз жіберу құқықбұзушылық болып саналады. Тиісті ереже еленбесе жануарлардың иесі немесе бақташыға 3 АЕК, яғни 8334 теңгенің айыппұлы салынады. Ал егер бақылаусыз жайылып жүрген төртаяқтылардың салдарынан денсаулыққа зақым келсе немесе мүлік бүлінсе, штраф сомасы 27 780 теңгені құрамақ.

 

Саят Ермек