Аптадағы маңызды жаңалықтар

Асқар Мамин: күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керек

Өзекті мәселе бойынша денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады. Оның сөзінше елімізде COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктік өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеген. Мұндай оң өзгеріс карантиннің арқасында орнап отыр. Келесі тақырыпқа тоқталайық. Бірнеше жұмадан соң жаңа оқу жылы басталады. Қазір республика аумағында дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1-ші тоқсанда қазақстандық 2,6 млн оқушы қашықтан білім алады. Тек шағын комплекті мектептердің шәкірттері дәстүрлі форматты оқиды. Селекторлық отырыста аймақ басшысы Құмар Ақсақалов та облыстағы ахуалды баян етті. Өңір жетекшісінің баяндамасына құлақ түрейік!

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жаңа оқу жылында өңірдегі 477 мектепте 76 мың оқушы оқитын болады. Бұл өткен жылдағыдан 6 пайызға артық. 310 шағын комплекті мектепте барлық оқушының 23 проценті штатты режимде білім алмақ. Оларда санитарлық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады.

Жиында бірқатар тапсырма берілді. Асқар Мамин Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беруді қамтамасыз ететіндігін мәлімдей келе, әкімдіктер жергілікті деңгейде заманауи техникамен қамту мәселесін пысықтасын деді. Елімізде биылғы 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат беріліп, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысы да ұйымдастырылуы керек. Мұғалімдер тиісті оқудан өткізілуі міндетті. Тағы, интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контенттің толық көлемде дайындалуын қамтамасыз ету және бастауыш мектептердегі «кезекші» сыныптарда, шағын мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау қажет. Оқулықтар 25 тамызға дейін беріледі. Сонымен қатар…

Асқар Мамин – ҚР Премьер-Министрі:

– Әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отыр. Осыған байланысты күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керек. Әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажет.